Атырауда аязда қалған 63 шетелдік азамат құтқарылды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда автобустары сынып, аязда қалған 63 шетелдік азамат құтқарылды.
None
None

«Оқиға «Атырау-Доссор» бағытындағы жолда орын алған. Ресей Федерациясының автобусымен Өзбекстанның 63 азаматы үйлеріне келе жатқан. Белгісіз жағдаймен автобус жолда істен шығып қалады. Ауа райының температурасы минус15-17 градус шамасында болған. Қалалық әкімшілік далада қалған шетел азаматтарына көлік жіберіп, Атырауға алып келеді, бұл жерде оларды орналастырып, тамақтандырған. Жүргізушіге автобусты жөндеуге көмек көрестілді. Автобус жөндеуден өткен соң шетел азаматтары бет алған бағыттары бойынша жолға шықты», - деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар