Атырауда әйел тоғызыншы қабаттан секіріп кетті

АТЫРАУ. 12 шілде. ҚазАқпарат - Атырауда өткен түнде тоғызыншы қабаттан секірген әйел ажал құшты.
None
None

Қайғылы оқиға таяуда 24 жастағы әйел лифті шахтасына құлап, опат болған Алмагүл ықшамауданындағы №23 үйде орын алды.

«Қаза тапқан 1976 жылғы әйел бұл үйде тұрмаған. Осы тұрғын үйге келіп, ол соңғы тоғызыншы қабатқа көтеріліп, баспалдақ алаңқайындағы терезені ашып, алдымен екі ұялы телефонын тастап, кейін өзі секірген», - деп түсіндірді ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира Мұхтарова.

Алдын ала болжам бойынша, әйелдің өз-өзіне қол жұмсауына 2,5 млн.теңге көлеміндегі банктен алынған несие себеп болуы ықтимал.

Соңғы жаңалықтар