18:21, 17 Қазан 2012 | GMT +5
Атырауда балалар тіс емханасынан 5 млн. теңге ұрланды
АТЫРАУ. 17 қазан. ҚазАқпарат - Атырауда қалалық балалар тіс емханасының қызметкерлеріне қатысты экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті (қаржы полициясы) 5 қылмыстық іс қозғады.
«Балалар тіс емханасының бас бухгалтері С. Сұлтанғалиева өзінің қызметтік бабын асыра пайдаланып, кассир және кадр бөлімінің инспекторымен келісіп, 2009 жылдан бастап 2012 жылға дейін бюджеттен 5 млн. теңгеден астам қаражат жымқырды деп айыпталуда. Олар қаражатты заңсыз ақша аудару арқылы иемденген», - деп хабарлады қаржы полициясының баспасөз қызметі.
Балалар тіс емханасының енді бұрынғы қызметкерлері сенім берілген бөтен біреудің мүлкін иемденіп, қызмет бабында жалған құжат жасады деп айыпталуда. Жалпы алғанда 5 қылмыстық іс қозғалды.