Атырауда Бекет Атаның 260 жылдығы тойлануда

АТЫРАУ. Қыркүйектің 11-і. ҚазАқпарат /Андрей Соколов / - Атырауда Бекет Атаның 260 жылдығына арналған ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Конференция Жылыой ауданындағы Бекет Ата туып-өскен «Байтытөбе» ауылында өтті. Бекет Ата салған және осы уақытқа дейін сақталған төрт мешіттің біреуі осында орналасқан.

Басқосуға халық жазушысы Әбіш Кекілбаев, ақын Фариза Оңғарсынова, Бекет атаның мұраларын зерттеумен айналысатын ғалымдар, Атырау және Маңғыстау облыстарының қоғам өкілдері қатысты.

Бекет Ата Мырзағұлұлы (1750-1813) - әулие, халық батыры, абыз көреген, ағартушы, сәулетші. Бекет Атаның білімдарлық, батырлық, әділдік, еңбексүйгіштік, абыз көріпкелдік қасиеттері өз дәуірінде ерекше танылған. Халық оны айрықша қадірлеп, әулие тұтқан, «Әулиенің соңы - Пір Бекет» деп қастерлеген.

Соңғы жаңалықтар