12:06, 24 Қыркүйек 2011 | GMT +5
Атырауда білім басқармасының жаңа бастығы тағайындалды
ЫРАУ. 24 қыркүйек. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырау облысы әкімінің өкімімен Сатқан Ибрайұлы Есенғалиев облыстық білім басқармасының бастығы болып тағайындалды.

Ол 1958 жылы туған. Гурьев педагогикалық институтын «тарих, қоғамтану және кеңес құқығы» мамандығы бойынша тәмамдаған. Автоклубтың меңгерушісі, әскери дайындық мұғалімі, спорт әдіскері, педагогикалық институттың жалпы тарих кафедрасының оқытушысы, осы оқу орнының проректоры, Атырау қалалық білім бөлімінің бастығы, ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі мемлекеттік қызмет кадрларын дайындау жөніндегі Атырау облысы бойынша бөлімінің бастығы қызметтерін атқарды.
2009 жылдың желтоқсанынан бастап Атырау облысы бойынша балалар құқықтарын қорғау жөніндегі департамент директоры болды.