14:29, 12 Шілде 2013 | GMT +5
Атырауда бір жарым жастағы сәби терезеден құлап кетті
None
АТЫРАУ. 12 шілде. ҚазАқпарат - Атырауда бір жарым жастағы бүлдіршін терезеден құлап кетті.
ІІД баспасөз қызметінен хабарлағандай, қайғылы оқиға «Нұрсая» ықшамауданында орын алды. Москит торға сүйенген сәби абайсызда төртінші қабаттағы терезеден құлап түсті. Баланың өлімі жазатайым оқиға ретінде қарастырылып отыр.