Атырауда электр тарату желілерінің бағандарын қолды еткен жігіт ұсталды

АТЫРАУ. 29 сәуір. ҚазАқпарат - Атырауда №1-ші қалалық криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері электр қуатын тарататын 17 бағанды ұрлаған азаматты анықтап, құрықтады.
None
None

«Атырау қаласының 24 жастағы тұрғыны Еркінқала-2 кентінде ерекше ұрлыққа барды. Бұл ретте ол автокөтергіш пен КамАЗды жалдап отырған. Ал қазып алынған бағандарды жеке тұлғаларға сатқан. Бүгінде қолды болған 10 баған Черная речка кентінде, тағы жетеуі Курилкино кентінде екені анықталды. Пысықай белгілі ақы үшін бағандарды кент тұрғындарының аулаларына орнатып берумен де айналысып келгенін мойындады. Аталмыш оқиғаға байланысты ҚР ҚК 175-бабына сәйкес қылмыстық істі қозғау мәселесі қарастырылу үстінде», - деп мәлімдеді облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира Мұхтарова.

Соңғы жаңалықтар