02:14, 04 Желтоқсан 2015 | GMT +5
Атырауда газ қызметкерлері «бір терезе» принципі бойынша жұмыс жасайтын болады
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда «ҚазТрансГаз Аймақ» газбен жабдықтау компаниясы халыққа қызмет көрсету орталығын ашты.
«Орталықта техникалық шарттар алудан бастап, газ құбырына қосуға немесе бөлмеде жұмыс істеп тұрған газ жабдықтарын қайта жарақтандыруға дейінгі жобалық-сметалық құжаттамалардың толық бумасын алуға дейін 28 түрлі қызмет көрсетіледі. Өтініштерді қарау мерзімі - 2 күннен 25 күнге дейін. Тұтынушылар келіп, қандай қызмет алғысы келетіні туралы өтініш берсе болғаны және одан кейін оған құжаттардың дайын болғаны туралы СМС-хабарлама жіберіледі. Орталық бір мезгілде 50 адамды қабылдай алады», - деп хабарлады «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ бас директорының орынбасары Ақылбай Сапаров.