Атырауда «Газель» көлігі жолаушылар пойызымен соқтығысты

АТЫРАУ. 8 шілде. ҚазАқпарат - Атырауда өткен түні «Газель» көлігі жолаушылар пойызымен соқтығысып қалды.
None
None

ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлназира Мұхтарова хабарлағандай, «Газель» автокөлігінің жүргізушісі Бірлік ауылы маңында темір жолды рұқсат етілмеген тұстан кесіп өтпек болған. Нәтижесінде ол «Алматы-Атырау» жолаушылар пойызымен соқтығысқан.

«Қаза болғандар мен жапа шеккендер жоқ. Жолаушылар құрамы 45 минутқа бөгелді. Белгілі болғандай, «Газель» жүргізушісі көлікке мас күйінде отырған. Қазір ол қамауға алынды», - деп хабарлады Г.Мұхтарова.

Соңғы жаңалықтар
Референдум