Атырауда халықаралық ақындар айтысының жеңімпазы анықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Атырау қаласында екі күнге жалғасқан «Қайта жаңғырған Қазақстан» атты халықаралық ақындар айтысы аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.  
None
None

Екі күнге жалғасқан дүбірлі додаға елімізге танымал аузымен құс тістеген суырыпсалма шайырларымен қатар, Қытай, Моңғолия, Қырғызстан,  Өзбекстаннан ақындар қатысты. Айтысты ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықарлық одағының басқарма төрағасы Жүрсін Ерман жүргізді.

Халықаралық бәйгеде Ринат Зайытов, Еркебұлан Қайназаров, Жансая Мусина, Қалижан Білдәшев, Шалқарбай Ізбасаров, Анар Жаппарқұлова, Тілеген Əділов, Рауан Қайдаров, Бақытжан Қасымов, Саят Əбен, Ғалымбек Мұстафа, Жəнібек Садыров, Серікбол Панабердиев, Абай Жолмағанбетов, Әнуарбек Садықов, Жамиға Дəулет (Қытай), Баян Ахматов (Қырғызстан), Еркебұлан Қолғанатов (Өзбекстан), Сəтжан Клесхан( Моңғолия), Ерлан Аманқожа(Қытай) сынды ақындар бақ сынады. 

null 

Айтысқа Асанәлі Әшімов, Алтынбек Қоразбаев, Бауыржан Халиолла, Есенғали Раушанов, Светқали Нұржан, Қойшығұл Жылқышиев, Несіпбек Айтұлы, Ербол Тілешов, Мереке Құлкенов қатарлы өнер майталмандары қазылық етті.  

Айтыскер ақпараттық порталында хабарланғандай, қазылар шешімімен 2 млн теңгені құрайтын Бас жүлде Шалқарбай Ізбасаровқа, бірінші орын (1,5 миллион теңге) Алтайдың ар жағынан келген ақын Жамиға Дәулетқызына, екінші орын (1 миллион теңге) Еркебұлан Қайназаров пен Жансая Мусинаға, үшінші орын (750 мың теңге) Абай Жолмағанбетов, Анар Жаппарқұлова және Ерлан Аманқожаға берілді.

Ринат Зайытов, Жәнібек Садыров, Бақытжан Қасымов, Әнуар Садықов, Серікбол Панабердиев қатарлы бес ақынға арнайы жүлде - 400 мың теңге бұйырды. Қалған сегіз ақынға 200 мың теңге көлеміндегі ынталандыру сыйақысы тапсырылды.

null 

Соңғы жаңалықтар