Атырауда қара уылдырық әзірлейтін жасырын цех әшкереленді

АТЫРАУ. 25 сәуір. ҚазАқпарат - Атырауда су полициясы қара уылдырық әзірлейтін жасырын цехты анықтады.
None
None

Аймақ ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира Мұхтарованың хабарлауынша, жасырын шағын цех жеке үйлердің бірінде болған. «Қара уылдырық салынған 16 пластмасса құты және тағы басқа 400 пластмасса және қаңылтыр құтылар табылды. Сондай-ақ тұз, ыдыстар, уылдырық даярлайтын құралдар болған. Бұл тұрғын үйде қара уылдырықты өлшеп орайтын жасырын өндіріс жолға қойылғанын көрсетеді. ҚР ҚК-нің 183-бабымен қылмыстық іс қозғалды», - деді Г.Мұхтарова.

10 сәуірден бері «Бекіре» операциясы басталғалы су полициясының қыметкерлері бракьонерлерден 10 тоннадан астам балықты тәркіледі, оның ішінде, 300 келісі - бекіре балықтары. 20 қылмыстық және 100-ден астам әкімшілік іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар