17:36, 31 Мамыр 2016 | GMT +5
Атырауда кәсіпкер арбаға таңылған 6 мүгедекті жұмысқа алды
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда қағаз пакет шығаратын кәсіпорын ашылды, жұмысқа арбаға таңылған 6 мүгедек қабылданды.

«Денсаулық жағдайыма байланысты темір жолдағы жұмысымды тастауға тура келді. Бірақ ақша тауып, отбасын асырау қажет. «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша жылдық 6,5 пайызбен 3 млн теңге көлемінде кредиттік қарыз алдым. Логотип және қағаз пакеттерді дайындау үшін жабдықтар сатып алдым. Бүгін қарамағымда 9 адам жұмыс істейді. Олардың алтауы мүгедек жандар», - деп хабарлады «Бум-2020» кәсіпорнынынң директоры Ақмарал Байлауова.