Атырауда қазанның 23-інде үйінен кетіп қалған бала табылды

Баласының жоғалғаны туралы оның анасының өтінішінен кейін Азаматты іздеу басталған болатын. Атырау облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Гүлнәзира Мұхтарованың айтуынша, баланың жоғалу фактісі бойынша жедел- тергеу тобы құрылды. Барлық аудандарға, вокзалдарға баланың суретімен хабарлар жіберілді.
«Бүгін полицияға отбасының алыс бір туыс әйелі қоңырау шалып, Азаматтың үйлерінде екенін хабарлады. Анықталғандай, Азамат анасымен ұрысқаннан кейін үйінен кетіп қалған. Туыстарына үйіне барған Азамат апайымен ұрысып қалғанын, анасы оған туыстарының үйінде біраз тұруға рұқсат бергенін айтқан», деп хабарлайды Н.Мұхтарова.
Бала үйіне қайтарылды. Қазір полицейлер, туыстарының баланың айтқанына сеніп, оның анасымен неге хабарласпағанын анықтауда.