17:22, 25 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Атырауда Қазылар сарайы ашылды
АТЫРАУ. Желтоқсанның 25-і. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырауда Жаңа жыл қарсаңында судьялар жаңа Қазылар сарайына ие болды.

Мұнда облыстық және ауданаралық мамандандырылған экономикалық соттар орналасады. Жаңа ғимаратта судьялардың жұмыстары үшін барлық жағдайлар жасалған. Инновациялық телекоммуникациялық технологиялармен жабдықталған, сот отырыстарын өткізуге арналған бірнеше залдар жұмыс істейді. Мәжіліс залы, судьяларға арналған қолайлы бөлмелер бар.
Атырау облысының әкімі Бергей Рысқалиев судьяларды қоныстарымен құттықтап, олардың алтауына пәтерлердің кілттерін тапсырды.
Жалпы алаңы 4 мың шаршы метр болатын құрылысқа жергілікті бюджеттен 499 млн теңге бөлінді.