Атырауда колледжде белгісіз газдан уланғандардың саны 33 адамға жетті

АТЫРАУ.  Желтоқсанның  3-і.  ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ -   Атырауда  «белгісіз  газдан   улану»  диагнозымен  ауруханаға түскен агротехникалық  колледж оқушыларының саны 33 адамға жетті.
None
None

Колледжде  желтоқсанның 1-інде  орын алған   оқиға  туралы ҚазАқпарат бұдан  бұрын   хабарлаған      болатын.  Белгісіз  біреу колледж дәлізіне  газ  шашып  кетеді.    Оқиға салдарынан  ғимараттан  1 мыңнан астам адам жедел көшіріледі.     16 оқушы  «белгісіз газға улану» диагнозымен   қала емханаларына    жеткізіледі.  Көп оқушы  жан сақтау   бөлімшелері мен барокамераларға жатқызылады.

Облыстық   денсаулық сақтау    басқармасынан  хабарлағандай,   сабаққа   келген   оқушылар кеше,  желтоқсанның 2-сі күні кешке  қарай   тағы ауруханаларға      түсе бастаған.   Олардың барлығынан    газдан   улану белгілері   байқалған.     Екі күннің ішінде  барлығы  33 адам ауруханаға түсіп  отыр.   Колледжде  сабақтар тоқтатылды.

«Бүгінгі  күнгі жағдай  бойынша үш оқушы  үйлеріне  жазылып шықты,   қалғандары     дәрігерлердің бақылауында.   Олардың жағдайлары   орнықты,   оқушылардың   бір бөлігі бүгін  кешке    үйлеріне   шығарылуы мүмкін», - деп хабарлады       облыстық  денсаулық сақтау басқармасы   бастығының   орынбасары  Түркіменбай  Нұржігітов.

Облыстық  білім  басқармасы  кеше кешке   колледжді  уақытша  жабу  туралы шешім   қабылдады.    Ішкі істер  департаменті    оқушылардың    улану себебін тексеруде.

Соңғы жаңалықтар