Атырауда көші-қон полициясының қызметкері 5 жылға сотталды

АТЫРАУ. 4 мамыр. ҚазАқпарат - Атырауда №2 қалалық соты облыстың ІІД көші-қон бақылау бөлімшесінің бастығы А.Иманбаевты 5 жылға бас бостандығынан айырды.
None
None

Атырау облысы бойынша қаржы полициясының баспасөз қызметінен хабарлағандай, бөлімшенің бұрынғы бастығы бір ЖШС әкімшісінен шетел азаматтарының ҚР аумағында болуы үшін құжаттарды кедергісіз ресімдеу үшін 150 мың теңге сомасында пара алғаны үшін айыпталған.

Сот үкімімен А.Иманбаев ҚР ҚК 2-бөлімі 311-бабы (пара алғаны үшін) бойынша айыпты болып танылды және 5 жылға бас бостандығынан айрылды. Ол, сондай-ақ, полиция майоры атағынан да айрылды, жеке өзіне тиесілі мүлік тәркіленеді.

Соңғы жаңалықтар