Атырауда ҚР Конституциясын жатқа білетіндер білім беру гранттарына ие болмақ

«Байқауға кез келген азамат қатыса алады. Жеңімпаздар Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде, Каспий маңы заманауи колледжінде, Атырау бизнес және құқық колледжінде, К. Дәуітбаева атындағы гуманитарлық колледжде білім алу гранттарына ие болады. Қазақстан Конституциясын жақсы білетін үздіктер Махамбет атындағы Қазақ облыстық драма театрына, «Бейбарыс» хоккей клубының матчтарына маусымдық және «Мұнайшы» спорт кешеніндегі бассейнге барудың бір жылдық абонементіне ие болады, - деді облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінде. «Мүмкін келісетін шығарсыз, күнделікті өмірде елдің Атазаңы - Конституцияның бар екенін есімізге жиі алмаймыз. Алайда, ол оғаш көрінгенімен, бұл жақсы. Конституция парақтарын ақтармағанымыз, демек бұл барлық құқықтарымыз бен еркіндіктеріміздің сақталып отырғанын білдіріп отыр. Бірақ Конституцияны білуіміз керек. Байқаудың одан да көп адамның еліміздің Атазаңын тереңдеп білуіне көмектесетініне сенімдімін», - дейді байқауға қатысушы, ЖОО студенті Махамбет Ілиясов.
«Конституция қоғамның демократиялық әлеуеті өсімінің берік негізіне айналды: бүгінде елде үш мыңға жуық бұқаралық ақпарат құралы мен 18 мыңнан астам үкіметтік емес ұйым табысты қызмет жүргізуде. Республикада газеттер мен журналдар он бір тілде: әзербайжан, неміс, кәріс, украин, ұйғыр, өзбек, дүнген, татар және басқа да тілдерде шығарылуда. Бұл ретте оларды толық түрде мемлекет қаржыландырып отыр. Әлемнің басқа еш жерінде осындай тәжірибе жоқ. Біздің мемлекет осылайша көпұлтты халық, оның тілдері, діндері мен мәдениеті, дәстүрлеріне қамқорлық танытып отыр. Парламентке 9 депутатты делегат ретінде жіберіп отырған Қазақстан халқы Ассамблеясы тағы бір маңызды конституциялық орган болды. Қазіргі кезде ол бүкіл әлемде кеңінен зерттеліп, кейбір мемлекеттерде апробацияланып та отыр. Көптеген дамыған мемлекеттердің дамыған экономикасы болғанымен, ұлтаралық және конфессияаралық келісімнің жоқ екені құпия емес», - деп атап өтті журналистика саласының майталманы, «Каспий маңы коммунасы» облыстық газетінің бұрынғы редакторы Любовь Монастырская.