Атырауда күзеттен қашқан АІІБ бастығы өлі табылды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда күзет қойылған жерден қашып кеткен Исатай АІІБ бастығы Алтынбек Құбайдуллин өлі табылды. Оның денесін бүгін қала орталығындағы құрылыс орнынан тауып алды.
None
None

Еске сала кетейік, өткен аптада А.Құбайдуллинді қаржы полициясы қолдан жасалған қара уылдырылық пен 250 мың теңге түрінде пара алып жатқан сәтінде қолға түсірді. Тергеу кезінде оның қан қысымы көтеріліп, ауруханаға жеткізілген болатын, ол сол жерден қашып кетті.

АІІБ бастығы Қазақстанда аулауға мораторий жарияланған бекіре тұқымдас балықтармен айналысатын браконьерлікке қолдау көрсетуге күдіктелуде.

Соңғы жаңалықтар
Референдум