Атырауда қылмыстық топтың мүшелері 9-14 жылға сотталды

заңсыз қару-жарақ жасау қылмыстары үшін айыпталып отырған қылмыстық топтың мүшелеріне 9 бен 14 жылдың аралығына кесу және олардың дүние-мүліктерін тәркілеу туралы үкім шығарды.
Қала прокуроры Халидолла Дауешевтің айтуынша, сот тексеруі кезінде Б. Каменов, С. Төкенов, А. Казиханов, Р. Каримов, С. Жанаев, А.Қабдрашит, Е. Гинаятов, А. Кабесовтардың қылмыстық топ құрғаны анықталды. Әлгілер «Атырау» және «Жұмыскер» ықшамаудандарының бірнеше тұрғынына, сондай-ақ «ҚазМұнайГаздың» май құю стансаларына, «VEGA START» серіктестігіне қарулы шабуылдар жасаған.
Прокурордың айтуынша, сотталушылардың кінәлары толық дәлелденді. Сот үкімімен Б. Каменов, А.Қабдрашит, Р.Каримов 14 жылға сотталса, С.Төкенов, С.Жанаев, А. Кабесов - 12 жылға, Е. Гинаятов 9 жылға кесілді. Олардың барлығының дүние-мүлкі тәркіленеді.