15:36, 17 Тамыз 2010 | GMT +5
Атырауда мас жүргізуші 10 тәулікке тұтқындалды
АТЫРАУ. Тамыздың 17-сі. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырауда әкімшілік сот алкагольді ішімдікке мас күйінде көлікке отырған жүргізушіні 10 тәулікке тұтқындау туралы үкім шығарды.

Атырау облысы ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Гүлнәзира Мұхтарова хабарлағандай, Индер кентінің 28 жастағы тұрғыны түнде Атырау қаласында қолға түскен. Жүргізілген медициналық зерттеу оның мас екендігін анықтаған.