Атырауда Мемлекет басшысының қатысуымен «Медикер» жаңа медициналық орталығы ашылды

АТЫРАУ. 16 қыркүйек. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Атырауда жаңа медициналық орталықтың ашылуы салтанатына қатысты.
None
None

«Медикер-Атырау» ЖШС медициналық орталығы заманауи техникалық құралдармен жабдықталған. Оның жалпы жер аумағы 5 476,8 шаршы метрді алып жатыр.

Мемлекет басшысына хабарланғандай, «Медикер-Атырау» ЖШС-інің күніне 500 адам қабылдай алатын емханасы, сонымен қатар 24 төсек орындық интенсивті терапия блогы бар терапевтік және хирургиялық профильді стационарымен емханасы бар. Медциналық персонал - 264 адам, оның ішінде дәрігерлер құрамы - 91, орташа дәрігерлік құрам - 94 және кіші дәрігерлік құрам 32 адам. Мұнда терапевтер, балалар дәрігерлері, кардиологтар, эндокринологтар, аллергологтар, жүйке аурулары дәрігерлері, гинекологтар, урологтар, отриларингологтар, дерматологтар, травматологтар, хирургтар, окулистер, гастроэнтерологтар, физиотерапевтер, тіс дәрігерлері болады.

«Медикер-Атырау» медициналық орталығы сақтандыру компанияларының 30500 аймақтық клиенттеріне, сонымен қатар Атырау облысының тұрғындарына медициналық қызмет көрсететін болады.

Соңғы жаңалықтар