17:27, 03 Қараша 2009 | GMT +5
Атырауда Моцарттың «Түнгі шағын серенадасы» қобызда орындалды
АТЫРАУ. Қарашаның 3-і. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырау облыстық филармониясында қобызда әлемдік классикалық шығармаларды орындайтын қобызшылар квартетінің концерті өтті.

Моцарттың «Түнгі шағын серенадасы» қобызшылар квартетінің өзіндік бетке ұстар нөмірі болды. Дәл осы музыкалық шығарма қобызда кез келген ең күрделі шығарманы орындау мүмкіндігін аша алады.
Квартетке көптеген халықаралық конкурстардың лауреаты Гүлмира Қуанышбаева жетекшілік етеді. Сонымен қатар, Брамстың, Хачатурянның, Генделдің және қазақ композиторларының музыкалары орындалды.