21:35, 08 Сәуір 2010 | GMT +5
Атырауда мұнай қатпарларын зерттейтін зертхана ашылды
АТЫРАУ. Сәуірдің 8-І. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атыраудағы «Каспиймұнайгаз» ҒЗИ-да жер қыртысы жағдайындағы керндік материалдарды зерттеуге арналған петрофизикалық зертхана жұмысқа кірісті.
Бұл зертхана аймақтың жер қойнауын пайдаланушылары мұнайлы кен орындарының өнімді қыртыстарын, соның ішінде қазып алынған керндік материалды да тиісті зерттеулерін шұғыл әрі сапалы жүргізуге мүмкіндік беретін бірегей жабдықпен жарақтандырылған. Бұрын жер қыртысының өнімділігі деңгейін, мұнай жатқан жер тереңдігін айқындап беретін мұндай зерттеулер шет елдерде жүргізетін еді. Енді соның бәрін өз елімізде жасауға тамаша мүмкіндік туды.