Атырауда мұнай секторында материалдық-техникалық қамтамасыз ету саласындағы үшінші Қазақстандық-Британдық форум өтеді

 АСТАНА. 16 қазан. ҚазАқпарат -  «NADLoC» «Жергілікті қамтуды дамыту ұлттық агенттігі» АҚ 2012 жылғы 30-31 қазанда Атырау қаласы, «Ренесанс» мейманханасында мұнайгаз секторында материалдық-техникалық қамсыздандыру саласындағы іс-қимыл бағдарламасы бойынша Үшінші Қазақстандық-Британдық форумның өткізіледі.
None
None

 Бұл туралы ҚР Индустрия және жаңа технологилар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Форумның ұйымдастырушылары - Ұлыбританияның сауда және инвестициялар жөніндегі департаменті (UKTI), Шелл Қазақстан, Би Джи Қазақстан компаниялары, Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің қолдауымен «NADLoC» жергілікті қамтуды дамытудың ұлттық агенттігі» АҚ.

Форумның басты мақсаты - жергілікті қамтудың үлесін дамыту және аталған салада ынтымақтастық бойынша жаңа мүмкіндіктерді құру мақсатымен мұнайгаз секторында қазақстандық және британдық компаниялар арасында ұзақ мерзімді іскерлік байланыстарды қалыптастыруға көмек көрсету.

Қазақстандық тараптан 100 қазақстандық компаниялардың қатысуы, сондай-ақ ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің, «Қазмұнайгаз» АҚ, «Самұрық-Қазына Контракт» АҚ, «Самұрық-Қазына Инвест» АҚ және басқа да даму институттары мен салалық қауымдастықтар өкілдерінің қатысуы жоспарланған.

Британдық тараптан жоғарыда аталған компаниялардан басқа мұнайгаз саласында қызмет істейтін қазақстандық қатысушылармен ұзақ мерзімді серіктестіктерге қол қою мақсатымен 35 ірі компаниялардың қатысуы жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар
Референдум