Атырауда нан бағасын тұрақтандыру туралы меморандумға қол қойылды

АТЫРАУ. Қыркүйектің 3-і. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырау облысында бидай наны мен макарон өнімдеріне баға алдағы жылдың қазанына дейін тұрақтылықты сақтайды.
None
None

Нан пісірушілерге өз өнімдерінің бағасын көтермеуіне арнайы қабылданған меморандум тосқауыл болмақ. Мемлекет басшысының тапсырмасымен облыс әкімдігі, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, «ҚазАгро» ҰХ» АҚ, «Қазақстанның бидай одағы» ЗТБ, «Қазақстанның ұн тартушылар одағы» Евгени Ган мен «Азық-түлік корпорациясы» АҚ арасында қабылданды. Меморандумға сай «Азық-түлік корпорациясының» резервтерінен облысқа ай сайын 93,9 мың тонна астық бөлініп тұрады.

«Біздің елімізде нанның қымбаттауына еш себеп жоқ. «Азық-түлік корпорациясының» қорында 1,5 миллион тонна астық бар. Азық-түліктік астықтың өтпелі қорымен қоса алғанда, еліміздің сұранысы шамамен 3,5 миллион тонна. Сондықтан қазір астық өндірушілерден 2 миллион тонна астық сатып алу міндеті тұр. Астық квотаға сәйкес, негізгі астық өндіретін облыстардың жалпы жиналған егініне байланысты алынады», - деді Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаев.

Соңғы жаңалықтар