13:36, 29 Сәуір 2013 | GMT +5
Атырауда нәзік жан қызғаныштан танысын пышақтап өлтірді
АТЫРАУ. 29 сәуір. ҚазАқпарат - Атырау қаласында өзінің 1991 жылғы танысын өлтірді деген күдікпен 27 жастағы әйел ұсталды.

«Азаттық көшесіндегі үйлердің біріндегі қылмыс туралы ақпарат телефон арқылы түсті. Көрсетілген пәтерден кеуде қуысына сұғылған екі жарақаты бар ер адамның мәйіті табылды. Криминалдық полиция қызметкерлері өз танысын ас үй пышағымен өлтіргенін мойындаған әйелді қолға түсірді. Пышақ тәркіленді», - дейді облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира Мұхтарова.
Алдын ала болжамға сәйкес, әйелдің өз танысын өлтіруінің себебі - қызғаныш.