20:17, 04 Тамыз 2015 | GMT +5
Атырауда өгей қызын зорламақ болған күдікті қамауға алынды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атырау қаласының №2 соты өгей қызын зорламақ болған педофильді екі ай мерзімге «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді.

Бұл туралы Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады.
Облыс орталығындағы «Көк-арна» поселкасының 34 жастағы тұрғыны кәмелетке толмаған өгей қызын зорламақ болған.
Күдіктіге тергеу органдары арқылы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 120-бабының 3-бөлігі 3-тармағымен (көрінеу кәмелетке толмаған жәбірленушіге қатысты күш қолданып, жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып, еркінен тыс зорлап, жыныстық қатынасын жасау) айып тағылып отыр.