13:26, 01 Мамыр 2011 | GMT +5
Атырауда орталық алаңда Халықтар бірлігі мерекесі тойлануда
АТЫРАУ. 1 мамыр. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/- Қазақстан халқының бірлігі күні Атырауда Исатай мен Махамбет атындағы орталық алаңда тойлануда.

Мереке ұжымдар шеруінен басталды. Парадқа мемлекеттік қызметкерлер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, теміржолшылар, құрылысшылар, өнеркәсіптік кәсіпорын ұжымдары, оның ішінде шетелдік компаниялардың өкілдері де бар, спортшылар, оқушылар, студенттер қатысты. Облыстағы барлық 16 этномәдени бірлестіктің өкілдері де жеке бір колонна болып жүріп өтті.
Алаңда қазір мерекелік концерт өтуде.