Атырауда өзбек азаматтары жолаушыларды заңсыз тасымалдаумен айналысқан

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елімізде 28-30 шілде аралығында республикалық «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Атырау қалалық ІІБ Жол патрульдік полиция қызметкерлері шараның алғашқы күні автобустарға қатысты 37 жол ережесін бұзушылықты анықтады, деп хабарлайды облыстық ІІД-інің баспасөз қызметінен.
None
None

Атап айтқанда, жолаушылар тасымалдаумен айналысқан жүргізушілер тараптарынан қауіпсіздік белбеулерін тақпаған - 12, жүргізіп келе жатып көлікте ұялы телефонмен сөйлескен - 8, жүргізуші куәлігі болмай тұрып, 1 жүргізуші жолаушылар тасымалдаумен айналысқан.

Қала ішінде 52 маршрутта «Газель» көліктерімен жолаушылар тасымалдаумен заңсыз айналысқан Өзбекстан елінің екі азаматы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды. Шара автомобиль жолдарында жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілер арасында көліктік тәртіпті арттыру, жолаушы тасымалдаушылардың қатысуымен ірі жол көлік оқиғаларының алдын алу, жолаушылар көлігінің қатысуымен жол апаттарын қысқарту және олардың салдарынан болатын ауыртпашылықты төмендету мақсатында өткізілуде. Іс-шара барысында заңсыз жолаушы тасымалымен заңсыз айналысу деректерін анықтау мақсатында, ІІД-нің Әкімшілік полиция басқармасының бөліністері Көліктік бақылау инспекциясы мен Мемлекеттік кірістер департаментінің бөліністерімен және қоғамдық бақылау өкілдерімен бірлесіп, рейдтік шаралар жүргізуде. Заңсыз қайта жабдықталған автобустар сондай-ақ техникалық жағдайы мен құрылысы жол қозғалысы қауіпсіздігінің белгіленген талаптарына сәйкес келмейтін автобустар мен таксилерді пайдалануға тыйым салу бойынша да шаралар қабылданбақ. Әсіресе, заңсыз қайта жабдықталған автобустарды, техникалық жағдайы мен құрылысы жол қозғалысы қауіпсіздігінің белгіленген талаптарына сәйкес келмейтін автобустар мен таксилерді анықтау бағытында да, автобустардың рейс алдында (ауысым алдында) жүргізушілерін медициналық қарау, олардың еңбек және демалыс режімін сақтау тәртібі де тексерілмек.

Соңғы жаңалықтар