08:56, 29 Желтоқсан 2011 | GMT +5
Атырауда пара алғаны үшін ұсталған университет ректоры сот залында босатылды
АТЫРАУ. 29 желтоқсан. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырау қаласында пара алған деген күдікпен ұсталған Х.Досмұхамедов атындағы университет ректоры Киікбай Жаулин сот залында босатылды.
К.Даулин 30 қыркүйек күні тұтқындалып, қамауға алынды. Ол кәсіпкерден жалпы сомасы 600 мың теңгені құраған ноутбуктерді бопсалап алғаны бойынша айыпталған. Оған 311 баптың 4 тармағының «а» пункті бойынша жазалау қаупі төнген.
№ 2 қалалық сотының судьясы Марал Жарылғасова оқып өткен үкімде сотталушыға алғашында тағылған айыптау дәлелденбегені айтылды. Ол 307 баптың 1 тармағы (қызметтік жағдайын теріс пайдалану) бойынша айыпталған еді. К.Жаулинге 100 АЕК немесе 1 млн. 512 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.