Атырауда параға қара уылдырық алған АІІБ бастығы ауруханадан қашып кетті

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда қаржы полициясы параға қара уылдырық алғаны үшін ұстаған Исатай аудандық ІІБ бастығы Алтынбек Құбайдоллин қашып кетті.
None
None

Ресми емес деректерге сәйкес, бұл туралы кеше белгілі болды. Ал қаржы полициясы бұл фактіні ресми түрде бүгін ғана растады.

«21 сәуірде қаржы полициясы Атырау облысы Исатай аудандық ІІБ бастығына қатысты пара алу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Сол күні жауап алу барысында ол денсаулығының нашарлағанына шағымданған, артынша жедел медициналық жәрдем шақырылды. Дәрігерлер, күдіктінің қан қысымы көтерілгенін тіркеді. Оны жатқызу үшін ауруханаға әкелді. Алғашқы медициналық көмек алған ол, ауруханадан қашып кетті де, белгісіз бағытта бой тасалады», - деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісіне қаржы полициясынан.

АІІБ бастығын іздеуге облыстың ІІД меншікті қауіпсіздік басқармасы жұмылдырылды.

Еске сала кетейік, АІІБ бастығы үш келі қара уылдырықты және 250 мың теңге ақшаны параға алып жатқан кезде қылмыс үстінде қолға түсті. Оған Қазақстанда аулауға мораторий жарияланған, Каспий теңізіне бекіре тұқымдас балықтарды заңсыз аулауға шыққан броконьерлерге жәрдемдесті деген айып тағылды.

Соңғы жаңалықтар