Атырауда полиция қызметкері шетелдік азаматты өлтірді деген күдікпен ұсталды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда полиция қызметкері Өзбекстан азаматын өлтірді деген күдікпен ұсталды.
None
None

«2015 жылғы 7 тамызда полиция кезекші бөліміне қала тұрғыны жүгінді, ол уақытша пәтерінде тұрып жатқан туысы - 1989 жылы туылған Өзбекстан азаматының жоғалып кеткені жайлы айтқан.

Өтініш берушінің сөзіне қарағанда, оның пәтерінің есігі бұзылмаған, алайда үйінен металл сейф жоғалып кеткен. Онда зергерлік бұйымдар мен ақша болған. Іздестіру барысында адамның жоғалуына полиция қызметкерінің қатысы бар деген жедел ақпарат келеді. Облыстың ІІД бастығының бірінші орынбасары басқарған жедел тергеу тобы құрылды», - деп хабарлады облыстың ІІД баспасөз қызметінің басшысы Гүлнәзира Мұхтарова.

Жедел іздестіру шарасы барысында адамның жоғалып кетуіне 1989 жылы туылған Атырауда уақытша тұратын Өзбекстан азаматының да қатысы бар екені анықталды. 1993 жылы туылған полиция қызметкері мен Өзбекстан азаматы ұсталды. Ұстау кезінде ұрланған әшекей бұйымдардың біршама бөлігі тәркіленді.

«Далада іздестіру шаралары барысында Атырау қ. 33 шақырымдай жерден, Атырау-Индер автожолы маңындағы Алға кентінен зорлап өлтіру белгілерімен жоғалып кеткен Өзбекстан азаматының жерленген мүрдесі табылды».

Ұсталған күдіктілер қамауға алынды. ҚР ҚК 125-бабы (адам ұрлау), 192-бабы (қарақшылық), 99-бабы (кісі өлтіру) бойынша іс қозғалды. Бірқатар сараптама тағайындалды», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар
Референдум