18:16, 25 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Атырауда Президенттік шырша қаладағы ең үлкен залда өтті
АТЫРАУ. Желтоқсанның 25-і. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырауда өткен Президенттік шыршаға облыстың барлық аудандарынан келген 150 бала қатысты.

Биылғы жылы Президенттік шырша дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде - қаладағы ең үлкен залда өтті. Президенттік шыршаға облыстың барлық қалалары мен аудандарынан келген балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, тұрмысы төмен және көп балалы отбасылардан шыққан, ата-аналары шалғайдағы ауылдар мен теміржол разъездерінде тұратын балалар қатысты. Олардың барлығы да - сабақ озаттары.
Шыршаға қатысушылардың барлығы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бейне-құттықтауын ең көрнекті жерге орнатылған үлкен экран арқылы тамашалады. Президент атынан барлық балаларға сыйлықтар - жылы киімдер, спорт костюмдері, аяқ киімдер, тәттілер, сондай-ақ сүйікті ертегілері бар кітаптар тапсырылды.