Атырауда «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуы барысы талқыланды

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бастамасымен өткізілген «Кезексіз емхана» байқауының жеңімпазы болып табылатын №1 қалалық емханада интернет арқылы дәрігерге қабылдауға жазуды жүзеге асыру жұмыстары, жанұя денсаулығы орталығының, әлеуметтік-психологиялық және профилактикалық көмек бөлімінің, жанұяны жоспарлау кабинетінің, балалық шақтағы ауруларды ықпалдастырып емдеу жұмыстары көрсетілді.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің амбулаторлық деңгейде дәрі-дәрмекпен қамту бағытында атқарып жатырған жұмыстары шеңберінде, емхана жанынан ашылған дәріхана желісі бойынша амбулаториялық деңгейде тегін дәрі берудің электрондық нұсқасы көрсетілді. Аталмыш бағдарлама порталдық шешімге ие болғандықтан әр науқас дәрілерді кедергісіз ала алады және де тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі (ТМККК) шеңберінде тегін дәрі берудің мониторингісін тиімді жүргізуге мүмкіндік береді.
Атырау облысы бойынша 2012 жылға ТМККК шеңберінде жергілікті бюджет есебінен амбулаторлық деңдейде дәрі-дәрмекпен қамтуға - 518, 5 млн. теңге, республикалық бюджет есебінен нысаналы трансферт түрінде - 1,0 млрд. теңге.
Фармацевтикалық тауар жеткізушілер аудан тұрғындарына амбулаторлық деңгейде уақытылы қызмет көрсетуде.
Қазіргі уақытта медициналық ұйымдарға дәрілік заттарды жеткізу тиісті тасымалдау кестесі бойынша жүзеге асырылуда.
Негізінде Атырау облысында дәрілік заттармен қамту бойынша ешқандай мәселе жоқ.
Атырау облысы бойынша мемлекеттік бағдарламаны іске асыру бойынша төмендегідей демографиялық өзгерістерге қол жеткіздік:
- туу көрсеткішінің өсуі 1,82 %;
- жалпы өлім көрсеткішінің төмендеуі 5,7%;
- тұрғындардың табиғи өсім деңгейі 3,6%;
- ана өлімі көрсеткішінің төмендеуі 67,6%.
Бүгінгі күні облыста 37 стационарлық ұйым және 119 амбулаторлық-емханалық ұйымдары қызмет етеді.
Қан айналымы жүйесі ауруларынан өлім көрсеткіші 2011 жылмен салыстырғанда 19 % дейін төмендеді.
2010 жылдан бастап облыстың 1000 аса тұрғынына медициналық көмектің кепілді көмегі шеңберінде тұрақты қаржыландыру аясында жоғары мамандандырылған кадиохирургиялық көмекке қол жеткізді. Республикалық бюджеттен жоғары мамандандырылған медиициналық көмекке бөлінген қаржы көлемі 10 есеге көбейіп, 2010 жылғы 27 млн-нан 2012 жылы 256 млн-ға жетті.
Туберкулезбен аурушаңдық жыл сайын 4,5-6 пайызға азайып, туберкулезден өлім 20 пайызға кеміді.
2010 жылмен салыстырғанда қатерлі ісік ауруымен оған байланысты өлімнің тіркелуінің азайғандығы байқалады 8,1-ден 4,4 пайызға.
Дифференциалды еңбекақы төлеу мен көтермелеу тарифінің енгізілуіне байланысты Атырау облысы бойынша еңбекақы орташа алғанда 61,0пайызға, дәрігерлер еңбекақысы 67 ал орта буын медицина қызметкерлерінің жалақысы 55пайызға өсті (2010 жылмен салыстырғанда).
Облыстың ЕСМ-не 2011-2012 жылдар 16 реанимобиль алынып, оның 7 ауылдық жерлерге берілді, сол сияқты республикалық бюджет қаржысынан 3 жылжымалы медициналық кешені сатып алынды.
Медициналық көмектің кепілді көлемі негізінде амбулаторлық науқастарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ететін 69дәріхана мен дәріханалық пункттер бар, оның 33-і ауылда орналасқан.
Облыс бойынша Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі бойынша 32 мекеме медициналық көмек көрсетсе оның 25-і шарушылық жүргізу құқығындағы кәсіпорындар.
Медициналық кадрлар жетіспеушілігін азайту мақсатында жүргізілген жұмыстар неізінде дәрігерлер тапшылығы 26 пайызға кеміді. Соңғы 3 жылда облысқа 203дәрігер келсе оның 63-і тәжірибелі мамандар.
Соңғы 4жылда 320 медицина қызметкерлері отбасы пәтер кілтіне ие болса оның 90-нан астамы ауылдық жерлерде.
Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі енгізілуіне байланысты медицина саласындағы алға ілгерілеушілік ҚР Президенті Жарлығымен бекітілген 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы бойынша жалғасын табуда.