Атырауда «Шекара достарды ажыратпайды» деген атаумен халықаралық этномәдени фестиваль өтті

АТЫРАУ. Мамырдың 4-і. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырауда «Шекара достарды ажыратпайды» атты екінші халықаралық этномәдени ұйымдардың фестивалі өтті.
None
None

Оған Атырау облысы, сондай-ақ РФ-ның Астрахан және Волгоград облыстарынан келген әртүрлі этномәдениетті көрсеткен көркемөнерпаз және кәсіби топтар қатысты.

Фестиваль Махамбет Өтемісов атындағы облыстық драма театрының сахнасында өтті. Көрермендер қазақ, орыс, неміс, армян, грузин, өзбек, ұйғыр, татар, кәріс және тағы да басқа ұлттардың шығармашылықтарымен танысты. Астрахандықтар алғаш рет казак және ноғай халқының мәдениетін көрсетті.

Фестиваль аясында қалада халық шығамашылығының сақталуы мен дамуына арналған «дөңгелек үстелдер» мен бірқатар кездесулер болды.

Соңғы жаңалықтар