Атырауда шетел азаматы мектеп маңына ақ ұнтақ шашып, құқық қорғау органдарын әбігерге түсірді

АТЫРАУ. Қыркүйектің 29-ы. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырауда полиция мен басқа да құқық қорғау органдарының қызметкерлері бірнеше сағат бойы мектеп алдына белгісіз біреу шашып кеткен ақ ұнтақты жинап әбігерге түсіп жүргенде, оның кәдімгі ұн екендігі анықталды.
None
None

Белгісіз ер адам мектеп алдына ақ ұнтақ шашқан соң, қымбат көлігіне отырып кетіп қалғандығы туралы ақпарат келіп түсе салысымен, төтенше жағдайлар жөніндегі департамент қызметкерлері мен полицейлер №2 қалалық мектепке жетеді.

«Полиция қызметкерлері белгісіз адам шашып кеткен зат жатқан жерді қоршауға алды. Ұнтақты жинап біткенше, оны шашқан адам да анықталды. Елді дүрліктірген оқиға жалған болып шықты. Ақ ұнтақтың кәдімгі ұн екендігі белгілі болды. Ал оны шашқан шетелдік еуропалық компанияның қызметкері екен, бұл ісін бірнеше адам қатысатын ұлттық ойын түрінің бір элементі ретінде түсіндірді», - дейді Атырау облысы ІІД баспасөз хатшысы Гүлнәзира Мұхтарова.

Сөйтсе де, полиция қызметкерлері ақ ұнтақты санитарлық эпидемиологиялық стансының сараптамасына жіберген болатын, бүгін оның шынымен кәдімгі ұн екендігі анықталды.

Соңғы жаңалықтар