10:00, 26 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Атырауда шылымды алма мен алмұртқа ауыстырды
АТЫРАУ. Желтоқсанның 26-сы. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - «Шылым беріп, орнына алма немесе алмұрт ал» - Атырауда осындай атаумен «Бизнес. Жастар. Атырау» қоғамдық бірлестігі және Қазақстан студенттері альянсінің филиалы ұйымдастырған акция өтті.

Акцияға темекі тартатындарға шылымды алмаға немесе алмұртқа ауыстыруды ұсынған бірнеше студент қатысты.
«Бастапқыда қалалықтар студенттердің ұсыныстарын құлықсыз қабылдады. Бірақ мұндай айырбас жасауға алғаш қадам жасаған адамнан кейін, талап білдірушілер көбейді. Нәтижесінде жастар бір қап сигарет жинап, 100 келі алма және 100 келі алмұрт үлестіріп берді», - деді «Бизнес. Жастар. Атырау» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Гүлмира Қарағожина.
Студенттер бастапқыда жоспарланғанындай, жинаған шылымдарды өртеген жоқ, жерге көміп тастады. Олар мұны зиянды түтінмен ауаны ластағылары келмейтіндіктерімен түсіндірді.