Атырауда соғыс ардагерлері, майдангерлердің жесірлері мен тыл еңбеккерлері жергілікті бюджеттен көмек алатын болады

АТЫРАУ. Мамырдың 4-і. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырау облысындағы 147 соғыс ардагері, 134 майдангерлердің жесірлері және де 2 591 тыл еңбеккерлерінің барлығы жергілікті бюджеттен көмек алатын болады. Бұл туралы Жеңіс күніне арналған селекторлық кеңесте облыс әкімінің бірінші орынбасары Болат Дәукенов мәлімдеді.
None
None

Оның ақпараты бойынша, ардагерлер, майдангерлердің жесірлері мен тыл еңбеккерлеріне берілетін көмек үшін жергілікті бюджеттен 42,4 млн. теңге бөлінген. Астана мен Мәскеуде өтетін Жеңіс күніне арналған салтанатты мерекелік шараға қатысатын ардагерлердің барып-келуіне тағы да 1 млн. 700 мың теңге бөлінген.

Жергілікті бюджеттен бөлінген көмек ардагерлердің республикалық бюджеттен алатын көмектерінен бөлек, қосымша беріліп отыр.

Соңғы жаңалықтар