20:03, 12 Наурыз 2009 | GMT +5
Атырауда студенттер Донор күнін өткізді
АТЫРАУ. Наурыздың 12-сі. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ – Қазақстан студенттерінің альянсы аймақтық штабының бастамасымен Атырауда Донор күні өткізілді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бұл күні талап білдірушілердің барлығы да дәрігерлер қажетті құрал-жабдықтарын ала келген Атырау мұнай және газ институтына шақырылды. Ерікті түрде қан тапсыруға 50-ден астам адам қатысты, іс жүзінде ниет білдірушілер одан да көп болды. Студенттермен қатар бірнеше оқытушы да қан тапсырды.