09:01, 19 Тамыз 2010 | GMT +5
Атырауда тұрғын үйдің ауласынан жарылғыш зат табылды - ТЖМ
АСТАНА. Тамыздың 19-ы. ҚазАқпарат - Атырауда тұрғын үйдің маңынан жарылғыш зат табылды.

Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігінен мәлім еткендей, тамыздың 18-і күні түскі сағат 12 жарымда, Ішкі істер департаментінің бөлімшесіне жергілікті тұрғын хабарласып, 2-ші шағын аудандағы №10-ы үйдің маңынан жарылғыш затты тапқандығы туралы хабарлаған.
Жүргізілген арнайы іс-шаралардың нәтижесінде ол зат диаметрі 72 мм, ұзындығы 50 см болатын артиллериялық снаряд екендігі анықталды.
Жарылғыш зат жойылу үшін ҚР Қорғаныс министрлігінің саперларымен алынды.