07:36, 04 Желтоқсан 2012 | GMT +5
Атырауда ҰҚК Дағыстан азаматтарының ҚР шекарасын заңсыз кесіп өтуі жөнінде істі қарауда
АТЫРАУ. 4 желтоқсан. ҚазАқпарат - Атырауда Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Дағыстан азаматтарының ҚР шекарасынан заңсыз өтуі жөнінде істі қарауда.

«Каспий теңізінің біздің елге тиесілі аумағында Дағыстанның 3 азаматы ұсталды. Олар балық аулау желілерін орнату кезінде ұсталған. Ұсталғандардан балық аулау құралдары, навигациялық жабдықтар, бекіре тұқымдас балықтың 30 келісі алынды. Айта кетейік, Каспий жағалауындағы елдерде бұл балық түрін аулауға мораторий жарияланған. Қазақстан шекарасын заңсыз кесіп өту және браконьерлік фактілері бойынша 2 қылмыстық іс қозғалды», - деді Атырау облысының мамандандырылған табиғатты қорғау прокуроры Аршат Тайтуллин.
Бұл істі Атырау облысы бойынша ҰҚК департаменті тергеуде.