08:41, 09 Мамыр 2013 | GMT +5
Атырауда ҰОС қатысушылары мен мүгедектері 100 мың теңгеден алады
АТЫРАУ. 9 мамыр. ҚазАқпарат - Атырау облысында Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары Жеңіс күніне 100 мың теңгеден алады, деп хабарлады қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінен.

Қазіргі уақытта қалада бар болғаны 82 соғысқа қатысушы қалды. Тыл еңбеккерлері, жесірлер, қаза тапқан әскери қызметкерлердің отбасылары, Ауған соғысына және Чернобыль АЭС-дағы апатты жоюға қатысушылар 5 мың теңгеден алады.
Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінен хабарлағандай, осы санаттарға жататын барлық атыраулықтарға коммуналдық төлемдерді төлеу үшін материалдық жәрдем қарастырылған. Жылдың басынан бастап, оларға әр ай үшін 3 158 теңгеден төленеді.