16:12, 23 Сәуір 2013 | GMT +5
Атырауда ұсталған 2 «Газель» көлігінен браконьерлік жолмен ауланған балық табылды
АТЫРАУ. 23 сәуір. ҚазАқпарат - Атырау облысы Махамбет ауданының Алға ауылында Атырау-Орал тас жолында тоннадан астам торта шабақ балық табылған «Газель» көлігі ұсталды.
Облыстың ІІД баспасөз қызметінен хабарланғандай, балықты Құрманғазы ауданының тұрғыны тасымалдаған. Жүргізуші оның шығу тегін түсіндіретін құжаттарды көрсете алмаған.
Бірнеше сағат аралықпен осы тасжолда 800 келі шамасында торта шабақ тасымалдаған браконьерлердің тағы бір «Газелі» тоқтатылды.