Атырауда үйінен кетіп қалған 10 жасар бала әлі табылған жоқ

АТЫРАУ.  Қарашаның  2-сі. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ -   Атырауда полицейлер       қазанның 23-інен бері үйінен  кетіп  қалған 10 жасар баланы  іздестіруде,  деп   хабарлады  Атырау  облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен.
None
None

Департаменттің баспасөз  хатшысы Гүлнәзира  Мұхтарованың айтуынша,  Азамат  Мұңғатаевтың    жоғалып  кеткені  туралы  полицейлерге оның анасы  хабарлаған.     Ол  кісінің айтуынша,      Азамат  үйінен  қазанның  23-інде  кетіп  қалған,  бірақ   анасы   ол    үйге  оралады  деп үміттенген, себебі Азамат бұған   дейін де  бірнеше  рет     жоғалып  кетіп жүрген.   Бірақ бала қайтпаған соң,  анасы  оны   өз бетінше    іздестірген,      баласының достарымен  және     өз туған-туыстарымен   хабарласқан.      Баланың ізі  табылмаған соң,    полицияға   келген.

 «Баланың  жоғалу факті  бойынша   жедел-тергеу  тобы құрылды.   Барлық  аудандарға, вокзалдарға    баланың  суретімен   қоса    хабарлар  жіберілді.    Полицейлер баланы іздестіруге кірісті»,  деп   хабарлады Г.Мұхтарова.

Соңғы жаңалықтар