13:22, 24 Қыркүйек 2011 | GMT +5
Атырауда үздік тауар өндірушілер аталды
ЫРАУ. 24 қыркүйек. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырауда жергілікті кәсіпорындар шығарған үздік тауар байқауының нәтижелері шығарылды.

«Өндірістік мақсаттағы үздік тауар» номинациясында құрылыс материалдарын шығаратын «Альянск СК» жеңімпаз атанды, ал тұрғындар үшін үздік тауар «Өнерпаз» ЖШС-інің тігін өнімі болды. Азық-түлік мақсаттағы тауарлар номинациясында басты жүлдені «Жемчужина» ЖШС-інің балық өнімдері иеленді.
«Мұндай байқаулар бизнестің одан әрі дамуына ықпал етеді. Ал одан аймақ та, мемлекет те ұтып отырады», - деді жеңімпаздарға сыйлықтар тапсыру кезінде облыс әкімінің орынбасары Серік Айдарбеков.