20:36, 03 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Атырауда Жайық өзеніне шамамен 3,5 миллиондай шоқыр шабақтары жіберілді
АТЫРАУ. Қыркүйектің 3-і. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырауда Жайық өзеніне бекіре балығын өсіру балық зауытында өсірілген 3 400 млн. шоқыр шабағы жіберілді.
«Биылғы жылы шабақтарды өсіруді біз бірнеше себептерге байланысты кеш бастадық. Бірақ өткен жылдарға қарағанда, биыл шабақтарды 5 грамға дейін емес, 20 грамға дейін өсіріп жетілдіріп отырмыз. Бұлай еткеніміз, шабақтар өмірге тез бейімделсін, әрі аз болса да қуатты болсын деген оймен жасадық», - дейді зауыт директоры Рәшиден Калидуллин.
Р.Калидуллиннің айтуынша, зауыттың көлшіктерінің бірінде қосымша 100 мыңдай шоқыр шабағы қалды. Осыған дейін өсірілген балықтарды Жайық өзеніне жіберіп жүрген балық өсірушілер алғаш рет оны Каспий теңізіне дейін тасымалдап, сол жерде жіберуді көздеп отыр.