16:36, 03 Мамыр 2010 | GMT +5
Атырауда Жеңіс күніне арналған марафон болып өтті
АТЫРАУ. Мамырдың 3-і. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырауда Жеңіс күніне арналған жеңілатлетикалық марафонға 55 мектептен 1 700-ге тарта оқушы қатысты.
Марафонға қатысушылар: 6-8 жас пен 13-16 жас аралығындағы екі санатқа бөлінді. Жасы үлкен қатысушыларға Жайық өзенінің жағасымен 3 шақырым, ал жасы кішкентай марафоншыларға 1,5 шақырым жүгіру керек болған.
«Аджип ККО» компаниясы ұйымдастырып отырған жарыстың барлық жеңімпаздары мен жүлдегерлері естелік сыйлықтарына ие болды. Дипломдар марафонның барлық қатысушыларына берілді.
«Аджип ККО» компаниясының басқарушы директоры Умберта Каррардың айтуынша, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына арналған марафон өскелең ұрпақты патриоттық рухқа, Отанға деген сүйспеншілікке, сондай-ақ жүгіріс, дене шынықтыру мен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылып отыр. Осындай марафондар енді дәстүрге айналмақ.