Атырауда жұмыссыздар «NCCER» халықаралық сертификаттарын алды

АТЫРАУ. Мамырдың 26-сы. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ – Атырауда «Каспиан техникал ресурсез» (КТР) оқу орталығында пісіруші, монтаждаушы, құбыр төсеуші мамандықтарын алған алғашқы түлектерге «NCCER» («National Center for Construction Education and Researh») халықаралық сертификаттарын тапсыру рәсімі болды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Екі жылдық курсты аяқтағаны туралы сертфикатты барлығы 100-ден астам адам алды. Олар Қазақстанда халықаралық сертификат алған тұңғыш түлектер болды. Сертификат оларға еш қиындықсыз жұмыс табуға көмектесетін болады. Бұл жерде монтаждаушылар мен құбыр монтаждаушылар, аргонды пісіру мамандары, бетоншылар, электриктер, балташылар, сырлаушылар, такелажшылар, арматуршылар мамандықтарына оқытады.Атыраудағы «Каспиан техникал ресурсез» оқу орталығы 2005 жылы құрылған болатын. Онда бүкіл әлемде қолданылатын АҚШ-тағы құрылыс саласында қолданылатын оқыту және зерттеу Ұлттық орталығында әзірленген білім беру бағдарламасы пайдаланылады. Оқу орталығы «NCCER» халықаралық сертификаттарын беретін Қазақстандағы жалғыз ғана мамандандырылған оқу орталығы болып табылады.
Соңғы жаңалықтар