15:24, 24 Қыркүйек 2011 | GMT +5
Атырауда жылдың аяғына дейін 1250 пәтер тапсырылады
ЫРАУ. 24 қыркүйек. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырауда үстіміздегі жылдың соңына дейін 1250 пәтерді тапсыру жоспарланып отыр, ал бірінші жартыжылдықта қосымша 1800 пәәтер салынып,

пайдалануға беріледі.
Бұл туралы қоғам өкілдеріне облыс әкімі Бергей Рысқалиев хабарлады. Сонымен қатар ол кезекте тұрған баспанадан үміткерлерге бақылауды күшейтуді талап етті.
«Азаматтарды банктердегі қарыздары, баспанасының немесе басқа да жылжымайтын мүлкі болуын тексеру қажет. Тек осыдан кейін ғана комиссия арызданып келушілерді баспанаға зәрулердің тізіміне енгізу туралы шешім қабылдауы тиіс», деп мәлімдеді әкім.