16:11, 01 Тамыз 2012 | GMT +5
Атырауда жылдың соңына дейін 54 көппәтерлі үй пайдалануға беріледі
АТЫРАУ. 1 тамыз. ҚазАқпарат - Атырауда бірінші жарты жылдықта 167 мың 104 шаршы метр тұрғын-үй пайдалануға берілді, бұл 2011 жылдың қаңтар-маусым айларындағы көрсеткіштен 54,1 пайызға жоғары.

Ағымдағы жылы 114 мың 212 шаршы метр аумақта 54 үй пайдалануға беріледі. Сондай-ақ «Самұрық - Қазына» АҚ және облыстық әкімдік меморандум жасасқан 22 млрд. теңгеге мұнайлы кенттерден қоныс аударушылар үшін 176 мың шаршы метр аумақта 3 мың пәтер салу жоспарлануда.